KZ
KZ RU
09 мамыр 2018 00:01

Жеңіс күнімен!

09 мамыр 2018 00:01

1945 жылдың 9 мамыры – есте мәңгі сақталатын күн. Бұл күн халықтың бірлігі мен теңдессіз ерліктің мәңгі нышанына айналды.

Бүгін біз ұрыс алаңында қаза тапқан батырларды, тылда жан аянбай еңбек еткен жандар мен соғыстан кейін өміріміздің қалыпқа келуіне үлес қосып, осы күнге жете алмайғандарды еске аламыз.

Қымбатты ардегерлер, сіздердің алдында бас иеміз. Сіздер әскери, азаматтық ерлікпен әлем тарихына Жеңіс деген сөз жаздыңыздар!

Жеңіс күні әрі қарай бірлік мерекесіне айналсын! Отандастарымызға ашық аспан, отбасылық бақыт тілейміз!

Жеңіс күні құтты болсын!

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы