KZ
KZ RU
25 қыркүйек 2017 13:53

Жетісу мен Қызыл-Жар СК Премьер-лиганың 2018 жылғы маусымында ойнауға құқықты

25 қыркүйек 2017 13:53
Талдықорғандық "Жетісу" мен петропавлдық "Қызыл-Жар СК" Қазақстанның жоғарғы дивизионына қатысуға құқыты.
 
"Жетісу", өз алаңында "Қыран" командасын 3:0 есебімен жеңіп, Бірінші Лиганың 22 тур нәтижесі бойынша 52 ұпай жинады.  
 
"Қызыл-Жар СК" "Мақтааралмен" болған ойынды 0:0 есебімен аяқтады. Солтүстікқазақстандықтар 42 ұпаймен турнирлік кестенің екінші орнында орналасуда.
 
Регламент бойынша жоғарғы лигаға шығу құқығы бар команда - "Мақтаарал". Қазір олардың қоржынында 26 ұпай бар.
 
Осылайша, "Жетісу" мен "Қызыл-Жар СК" уақытынан бұрын, біріншіліктің аяқталуына 5 тур қалғанда, келесі маусымда Премьер-Лигаға қатысуға мүмкіндікке ие болды.
 
Естерңізге сала кетейік, Бірінші Лиганың тағы бір клубы келесі жылы еліміздің ең мықты дивизионында ойнауға мүмкіндігі бар. 9 қарашада Астанада Қазақстан Чемпионатының 10 орын алған командасымен Біріншіліктің 3-ші командасы (Регламент бойынша өтпелі ойынға қатысуға "Қайрат А", "Байқоңыр" және "Шахтер-Болатта" мүмкіндік бар)  арасында өтпелі ойын болады.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы "Жетісу" және "Қызыл-Жар СК" футбол клубтарын Бірінші Лига Біріншілігінде сәтті ойынымен құттықтайды