KZ
KZ RU
26 сәуір 2011 00:42

«Жетісу» жас-өспірімдері Франциада алтыншы оырнға шықты

26 сәуір 2011 00:42

«Стад Портелуа» халықаралық турнирі дәстүрлі шара болып есептеліп, биылғы жылы 35-ші рет өткізіліп отыр.
Екі топқа бөлінген 8 команда үш күн бойы өз шеберліктерін танытты. Талдықорғандықтар өте мықты командалар тобына түсіп, франциялық «Булонь сюр мер», минскілік «Динамо» мен ағылшындық «Эшфорд» команданың басты қарсыластары болды..
Бірінші ойында қазақстандықтар өте үлкен айырмашылықпен минскілік «Динамо» командасынан 0:5 есебімен жеңіліс тапты. Атап айта кетерлік жайт, минскіліктер өз жас мөлешріндегі Беларусияның ең мықты командаларының бірі болып табылады.
Екінші кездесу алдыңғыға қарағанда оңтайлырақ болды. Лондандық «Эшфордты» - 2:1 есебімен жеңді. Соңғы кездесу турнирдің ең мықты фавориттерінің бірі – француздық «Булонь Сюр Мермен» кездесті. Бұл кездесу француздықтар үшін өте оңтайлы болп, 5:1 есебімен жеңді.
5-ші орынға таласта қазақстандықтар даттық «Брондбюмен» кездесіп, тартысты ойында 0:1 есебімен жеңістен құр алақан қалды. Финалда минскілік «Динамо» мен француздық «Васкаль» кездеседі.
Басты ерекшелік, турнирдің форматы 20-минуттық тайм уақытпен өлшенді. Плей-офф кезінде тайм 30 минутка шекті ұзартылды.