KZ
KZ RU
13 сәуір 2011 19:49

«Жетісу» жастары Францияға аттанады

13 сәуір 2011 19:49

«Стад Портелуа» халықаралық турнирі дәстүрлі болып табылып, биылғы жылы 35-ші рет өтпек. Қазақстан өкілдері бұл жарысқа бірінші рет қатысуда.

Бұл жолғы ойынға екі топқа бөлінген 8 команда қатысады. «Жетісу» француздық «Булонь сюр мер», минскілік «Динамо» мен англиялық «Эшфордом» командаларымен бақ сынасады. Ал, келесі топта мынадай жас-өспірімдер командасы топталған: даттық «Брондбю», франциялық «Васкеалья», болгарлық «Ботева», сондай-ақ турнирдің иелері «Стад Портелуа». Топтық этаптан соң командалар мини-финалда 1 ден 8 орынға таласатын болады.

23 сәуірде «Жетісу» бір ойын, 24-і  екі ойын және 25-і талдықорғандықтар мини-футбол аясында тағы да бір кездесуді өткізетін болады.