KZ
KZ RU
31 қазан 2023 18:09

Жоао Пауло - Евстафий Пехлеваниди атындағы сыйлықтың иегері!

31 қазан 2023 18:09

2021 жылғы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы атақты қазақстандық сұрмерген Евстафий Пехлеванидидің есімін OLIMPBET-Чемпионатының қорытындысы бойынша үздік сұрмерген атанған ойыншыға табыстау туралы шешім қабылдады.

2023 жылғы Чемпионаттың қорытындысы бойынша Пехлеваниди атындағы жүлденің иегері «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Жоао Пауло атанды. Бразилиялык легионер 26 турда 18 рет нәтижелі соққысымен көзге түсті.

Бұған дейін Педро Еуженио (2022) және Марин Томасов (2021) Пехлеваниди атындағы сыйлықтың иегерлері болған.