KZ
KZ RU
19 шілде 2023 16:46
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Жоао Пауло - OLIMPBET-Чемпионатының маусым айындағы үздік ойыншысы

19 шілде 2023 16:46

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы маусым айының үздік бапкерін анықтау үшін Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама қорытындысы бойынша маусым айында «Қайрат» командасының сұрмергені Жоао Пауло Қазақстанның үздік футболшысы атанды. Бразилиялық ойыншы жаздың бірінші айында 3 матч өткізіп (екеуі чемпионатта, біреуі кубокта), 4 нәтижелі соққымен ерекшеленді.

Екінші орында – «Мақтаарал» командасының шабуылшысы Рамазан Кәрімов. Ол маусым айында 2 ойында 2 голмен көзге түсті. Рамазан «Қайсарды» жеңуге, сондай-ақ «Ақтөбемен» тең нәтижеге қол жеткізуге көмектесті.

Үздік үштікті кубок пен чемпионаттың 4 кездесуінде 4 гол соққан «Атырау» футболшысы Нсунгуси Эффионг тұйықтады.

Кім кімге дауыс берді: