KZ
KZ RU
12 мамыр 2023 22:47
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Жоао Пауло - OLIMPBET-Чемпионатының сәуір айындағы үздік ойыншысы!

12 мамыр 2023 22:47
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Чемпионатының бапкерлері мен капитандары арасында 2023 жылғы сәуір айының үздік ойыншысын анықтау мақсатында дәстүрлі сауалнма өткізді.
 
Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін - 3 ұпай, екінші орын үшін - 2 ұпай, үшінші орын үшін - 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.
 
Бұл ретте респонденттердің өз клубынан біреуден артық номинантты таңдауы кезінде дауыстар есептелмеді. Бұл Лига Кеңесінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі отырысында бекітілген «Номинациялар туралы ережеге» қайшы келеді.
 
Сауалнама қорытындысы бойынша сәуір айында «Қайрат» ойыншысы Жоао Пауло Қазақстанның үздік футболшысы атанды. Бразилиялық чемпионат пен Кубоктың алты ойынында бес голмен және бір нәтижелі паспен көзге түсті.
 
Екінші орында – «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген. Ол сәуідегі төрт ойында 4 гол соқты.
 
Үздік үштікті сәуірдегі алты матчта 3 гол соққан «Ақтөбе» футболшысы Арман Кеңесов қорытындылады.