KZ
KZ RU
29 наурыз 2018 14:26

Жолдастық кездесулердегі Қазақстан клубтарының футболшыларының ойындарына шолу

29 наурыз 2018 14:26

Өтіп жатырған аптаның басында қазақстандық клубтардың ойыншылары өздерінің ұлттық құрамаларының сапында кезекті ойындарын өткізді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жанкүйерлерге өткен жолдастық кездесулерге шолу ұсынады. 

Болгария – Қазақстан 2:1
Венгрияда өткен Болгария құрамасына қарсы жолдастық кездесуде «Қайрат» футбол клубының 7 ойыншысы алаңға шықты – Плотников, Сүйімбаев, Қуат, Исламхан, Ахметов, Әліп, Парагульгов, елордалық «Астанадан» 6 ойыншы құрама намысын қорғады – Бейсебеков, Постников, Малый, Зайнұтдинов, Мұртазаев және Перцух, шымкенттік «Ордабасыдан» бұл ойынға Хижниченко мен Тұңғышбаев қатысты.
 
«Қайраттың» жас қорғаушысы Нұралы Әліп елмізідің бас командасында алғашқы ойынын өткізсе, Еркебұлан Тұңғышбаев құрама сапында алғашқы гол соқты.
 

Венгрия - Шотландия 0:1

«Астана» мен «Қайраттың» венгриялық футболшылары Шотландия құрамасына қарсы ойнады. «Астананың» хавбегі Ласло Клайнхайслер негізгі құрамда шығып, кездесудің 67 минутында дем алуға мүмкіндікке ие болды. «Қайраттың» ойыншысы Акош Элек екінші таймда алаңға шықты. 

Словения – Беларусь 0:2

Иван Маевский, Игорь Шитов (екеуіде – «Астана») және Сергей Кисляк («Ертіс») белоруссия ұлттық командасына Словенияны жеңуге көмектесті. Маевский бір тайм ойнап, үзілісте алмастырылса, Кисляк матчтың 75 минутында қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Ренан Брессанды ауыстырды. Қорғаушы Игорь Шитов алаңда 90 минут өткізді. 

Армения – Литва 0:1

Қазақстан Премьер-лигасының өкілдері аталған кездесуде Арменияның да, Литваның да құрамында шықты. Армения командасының сапында бір тайм «Жетісу» қорғаушысы Камо Оганесян ойнады – футболшы кездесуге үзілісте қосылды. Талдықорғандықтардың тағы бір армяндық өкілі, Эдгар Малакян, резервте қалды.   

Литва ұлттық құрамасының сапында өзінің клубтастарына қарсы Мантас Куклис өнер көрсетті – ол кездесуге қосалқы құрамнан шығып, жасыл алаңда бар болғаны 10 минут өткізді. Қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа Куклиске қарағанда молырақ уақыт ойын тәжірибесіне ие болды.

Грузия – Эстония 2:0

Жолдастық матчта Грузиялық құраманың сапында эстондықтарға қарсы кездесудің басынан аяғына дейін қостанайлық «Тобылдың» қос футболшысы Джаба Канкава мен Ника Квеквескири ойнады. Шымкенттік «Ордабасының» өкілі Джамбул Джигаури алаңға екінші таймда шығып, 28 минут көлемінде ойын тәжірибесін алды.  

Квеквескири Казаишвилиге ассист жасап, гол соғуға көмегін тигізді және де сары қағазға ие болды.  

Қырғызстан – Үндістан 2:1

«Атыраудың» қырғыз ойыншысы Антон Землянухин өзінің отандастарына Үндістанды ұтуға көмегін тигізді. Ол кездесудің басында гол соғып, есеп ашты. 

Кения – ОАР 2:3

Қызылордалық «Қайсардың» кениялық жартылай қорғаушысы Пол Вере Орталықафрика Республикасына қарсы жолдастық кездесуде 52 минут ойнады.