KZ
KZ RU
08 ақпан 2012 10:13

Жолшиев және «Газ-Метан»

08 ақпан 2012 10:13

Айта кетейік, 2011 жылы "Газ Метан" Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуге бір қадам қалған. Сол кезде бұл ұжым қостанайлық футболсүйер қауымға жақсы таныс Венаның "Аустрия" клубынан жеңілген болатын. Бүгін кешке румындық клуб қазақстандық ұжымнан жеңілді.

Алдымен қарсыластар есеп ашты. Дегенмен "тобылдықтар" көп ұзамай-ақ есепті теңестіре алды. Өткен ойындағыдай бұл матчта да Бауыржан Жолшиев гол соқты. Екінші таймда жерлестеріміздің шабуылдарының соңы тағы бір голға ұласты. Бұл жолы Игорь Бугаев тура соққы жасады. Ал голға айналған әдемі пасты тағы да сол Жолшиев шығарған еді. Сөйтіп молдовалық легионердің соққан голы командаға жеңіс әкелді.

Енді 10 ақпанда "Тобыл" Болгарияның "Локомотивіне" қарсы жолдастық кездесу өткізеді.


fc-tobol.kz