15 желтоқсан 2015 09:43
Журналистермен табысу
15 желтоқсан 2015 09:43
Осы шараны жас "қайраттық" ойыншыларға клубтың маркетинг департаменты өткізді. Оның басты мақсаты - футболистердің БАҚ-пен бірге қалай сөйлесетінін және екі жақ арасының қарым-қатынасын көрсетуі болатын.
Клуб шәкірттері жұмысты теориядан бастап, сұхбатты қалай беру туралы мәліметті тыңдады. Осы ақпаратты оларға маркетинг департаменты берді.
- Қазіргі күндері футболшы тек қана алаңда өнер көрсету ғана емес, сұхбатты қалай беретінін де білуі керек, - деді "Қайраттың" баспасөз хатшысы Антон Лысяк. - Ойыншылар - клубтың сыртқы келбеті және дұрыс тіл жанкүйер арасында команданың жақсы беделіне қызмет атқара алады.
Теорияның басты бөлігін жас футболшыларға журналистер өткізді. Спикер ретінде академия шәкірттерінің алдында танымал қазақстандық комментатор Евгений Акманов сөйледі. Ол ойыншылардың қысылмауы туралы және журналистердің алдында жан толғанысының маңызын белгіледі.
Пресс-служба ФК "Кайрат"
Басқа жаңалықтар