KZ
KZ RU
11 тамыз 2017 19:45

Үзілістен кейін қайта оралу. 20 турға превью

11 тамыз 2017 19:45
Сіздердің назарларыңызға Премьер-лиганың кезекті ойындарына превью ұсынамыз.
 
11 тамыз (жұма)
«Ақтөбе» – «Астана»
Өтетін орны: Ақтөбе, "Орталық" стадион, 21:00 (Астана уақыты)
Ауа райы: +21, күш ашық
Трансляция:
ҚКФЛ ТВ жобасы
 
Маусым алдында бұл екі команда турнирлік кестенің басы мен аяғында болатынан ешкім болжамаған. Бірақ, өкінішке орай, "Ақтөбенің" жағдайы қазір осындай. Бірақ ақтөбеліктер бұл жағдайға немкұрайлы қараймай, астаналықтармен шайқасатыны айқын.
 
"Астананың" жақын арада "Селтикпен" болатын ойына да Мұқанов командасы үшін тиімді. Бұл маңызды еурокубоктық ойынды барлық қазақстандықтар асыға түтуде. Тәуекел етіп, "Астананың" ойыншыларының ойы Чемпиодар Лигасында деп болжаймыз. Кез келген жағдайда, алаң иелері тек алға басып, жеңіске ойнауға тырысады, себібі бұдан әрі қарай ұпай жоғалтуға болмайды.
 

 
12 тамызенбі)
 
«Шахтер» – «Ордабасы»
Өтетін орны: Қарағанды, "Шахтер" стадионы, 19:00
Ауа райы: +10, бұлтты, кішігірім жауын
Трансляция:
ҚКФЛ ТВ жобасы
 
"Кеншілер" турнирлік астыңғы жағынан жақын арада көтерілген, соған қарамастан үлкен жеңістерге дайын команда ретінде көрінеді. Қарағандылықтар алтыншы орынан тек бір қадамда, сол себептен шымкенттіктермен болатын ойында "Шахтер" сол қадамды жасауға тырысады.
 
"Ордабасы" "Астанадан" біршама ұпайға калып келе жатқанына қарамастан, үздің үштікке кіруге үміттерін үзген жоқ. Сондықтан "Ордабасы" ұпай жоғалтауға тырысады. Бұл ойынның нәтижесі қандай болатынан болжау қиын, бұл жағдай ойынға деген қызығушылықты тек көтереді.

 
«Қайсар» – «Тобыл»
Өтетін орны:
 Қызылорда, Ғ.Мұратбаев атындағы стадион, 19:00
Ауа райы: +21, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ жобасы
 
Бұл жұптағы қарсылартардың бір біріне айтары көп. Бірінші екі кездесу жанкүйерлердің көңілінен шықпады - командалар тең ойнап қоймай, голдарды да соға алмады.  
Футболды голдар үшін жақсы көреді, сол себептен қызықордалық жанкүйерлер Непогодовтың қақпадағы гол жібермеу сериясы "қасқырлармен" ойында аяқталады деп күтеді.
 
"Қайсар" ойыншыларына стадионда қолдау қамтамасыз етіледі, ал қостанайлықтар Қызылордаға позитивті көңіл-күймен келді - ұшар алдында "Тобыл" ойыншалары команда жанкүйерлерімен кенздесу өткізді.
 
Бұл ойын бізге не көрсетеді? Солтүстік жанкүйерлер өзінің ойыншыларын жеңіске жігерлендере алды ма, әлде оңтүістік жанкүйерлердің ыстық қолдауы басым болар ма екен?

 
13 тамыз (жексенбі)
 
«Оқжетпес» – «Қайрат»
Өтетін орны: Щучинск с., "Жақсы" стадионы, 17:00
Ауа райы: +15, бұлтты
Трансляция: ҚКФЛ ТВ жобасы
 
Бұл жұптың командалары ұқсас жағдайға тап болды. Әңгіме, әрине, турнирлік кестедегі орындары туралы емес. Бұл командаларда маусым ортасында бас бапкерлер аусты.
 
"Оқжетпесте" ойыншалар өзінің жаңа бапкерлерін түсініп, Пасулько күтіп отырған футболға жақындағандай көрінеді. Көкшетаулық команданың соңғы ойыны дәл осындай ойға итермелейді.
 
"Қайратты" алатын болсақ, бұл жерде бәрі күрделілеу. Карлос Алос Феррер тәжірибелі бапкер деп айту қиын, себебі бұдан бұрын ол тек жастармен жұмыс жасаған. Бірақ "Қайрат" ойыншылары бұл маман келісімен жеңіске жетіпте үлгерді. "Оқжетпес" пен "Қайрат" арасындағы ойын кай команданың жаңа бапкердің талаптарына тез бейімделгенін көрсетеді.

 
«Атырау" – «Ертіс»
Өтетін орны:
 Атырау, "Мұнайшы" стадионы, 19:00 (Астана уақыты)
Ауа райы: +25, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ жобасы
 
"Ертістен" бас бапкердің кетуін ешкім күтпеген. Димитар Димитров павлодарлық клубтың нағыз символына айналды. Харизмалық болгар жаттықтыраушы бірнеше маусым әр түрлі ойыншалардан сапалы команда жасады. "Ертіс" соңғы кездері өзіндік ерекшелігі бар, басқалардан өзгеше команда болғанын ешкім жоққа шығармайтыны анық.

Атырауда павлодарлықтар Димитровтың көмекшілерінің бірі Сергей Климовтың  бастауымен ойнайды. Қазір "Ертіс" екі ұдай жағдайда, осы жағдаймен "мұнайшылар" пайдалану мүмкін. "Атырау" үш ойын бойы жеңілмеуде, сондақтан бұл серия жалғасын табу мүмкін.

«Тараз» – «Ақжайық»
Өтетін орны: Тараз, "Орталық" стадион, 19:00
Ауа райы: +20, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ ТВ жобасы
 
"Тараз" үзіліске дейін чемпионатта жақсы ойын өрнегін тапты. Соңғы ойындарда Талгаев ойыншылары "Шахтер", "Оқжетпес", "Атырау" сияқты командаларды ұтып, "Ақтөбемен" болған кездесуде тең түсті. Жамбылдықтар бұл жүріс-тұрысты мен уәжді сақтап қала ала ма, қазірге ойландыратын осы сұрақ.

Бір жағынан "Ақжайаққа" үзіліс пайдалы болуы мүмкін. Оралдықтар тұрақты түрде қоржынды ұпайлармен толтыра алмауда, сол себептен турнирлік кестені тұйықтап келуде. Бірақ, "Таразбен" Масудов командасы екі рет тең түскен. Мүмкін жеңіске жететін уақыт келген шығар?