KZ
KZ RU
19 ақпан 2024 19:51

1XBET Winter Cup: маусым алдындағы жеңімпаз қашан белгілі болады?

19 ақпан 2024 19:51

Осы күндері Белекте сапалы отандық футбол өтіп жатыр. Премьер-Лига клубтары маусым алдындағы коммерциялық 1XBET Winter Cup турнирінің шешуші ойындарына жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Олар жүлде қоры 100 млн теңгені құрайтын қомақты сыйақыны сарапқа салмақ.

 

Бұрын-соңды отандық клубтардың оқу-жаттығу жиындарына көп көңіл бөлінбеген еді. Командалар қомақты сыйлық ұтып алуға мүмкіндік алса, жанкүйерлер өз клубтарының алдағы футбол маусымына дайындығын көру мүмкіндігіне ие болды. «Елімай» ФК спорт директоры Федор Симинидидің БАҚ-қа берген сұхбатында ҚКФЛ-ға осындай турнирдің ұйымдастырғаны үшін және оған Семей клубын шақырғаны үшін алғысын білдірді. Өйткені бұл жарыс Премьер-лигадағы дебюті үшін дайындалуға көп көмектеседі. Айтпақшы, дебютанттың ел чемпионы «Ордабасыға» қарсы ойынын футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев те тамашалады. Себебі, оның алдында Еуро-2024 іріктеуі аясында Грекияға қарсы маңызды кездесуге ойыншыларды жасақтау міндеті тұр.

 

Сонымен қатар, ҚКФЛ маусым алдындағы коммерциялық турнирлерді өткізу барысында әлемдегі ең мықты лигалардың дәстүріне айналған озық тәжірибесін қолданады. 1XBET Winter Cup турнирі қатысушыларының Анталия провинциясында екендігі және қозғалыс ыңғайлылығы ескеріле отырып, «Титаник Делюкс» стадионы таңдалды. Табиғи төсенішпен жабдықталған стадион бір кездері Бундеслига аясында Германия клубтары, Қазақстан мен Молдованың жолдастық ойынын және бірқатар елдер құрамаларының ойындарын қабылдады.

 

Сонымен қатар, тартысқа толы жартылай финалдық ойындарды интернетте 27 мыңнан астам қаралым жинады. Бұның барлығы "QazSport" республикалық телеарнасында және Қазақстанның кәсіби футбол лигасының YouTube-арнасында сапалы тікелей көрсетілімінің арқасында мүмкін болды. Енді 21 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да футбол жанкүйерлері «Елімай» және «Ақтөбе» клубтары арасындағы үшінші орын үшін ойынды тікелей эфирде көре алады. Кешкі сағат 20:30-да «Ордабасы» мен «Тобыл» турнирде жеңіске жету үшін нағыз шайқас өткізбек. Айтпақшы, бұл ойын Қазақстан Суперкубогының алдындағы «дайындық» деген лақап атқа ие болды.

 

Естеріңізге сала кетейік, турнир жеңімпазы 60 миллион теңге алады, ал екінші орын иегері 40 миллион теңге алады. 1XBET Winter Cup турнирінің қызықты ойындарын жіберіп алмаңыз! Өзіңіздің сүйікті командаңызға қолдау білдіріңіз!