KZ
KZ RU
12 наурыз 2013 13:13

"Ақтөбе" жаңа ойыншыларын таныстырды

12 наурыз 2013 13:13

Футболшыларға жейделерді клубтың спорттық директоры Игорь Кистер табыстады. Ал команданың бас бапкері Владимир Никитенко әр футболшыға жеке-жеке мінездеме беріп, алдағы маусымда осы жігіттер "Ақтөбені" алға сүйрейтініне үміт білдірді. Журналистер алдына командаға қысқы маусымаралық үзілісте қосылған жеті футболшының алтауы шықты. Атап айтсақ, Алексей Мулдаров, Роберт Арзуманян, Сергей Гридин, Дидар Сыдықбек, Андрей Харабара және Асхат Тагыберген. Тек жарақаты бар Алдан Балтаев қана бүгінде командамен емес, Қызылордада емделуде. Футболшылар сөз алған жоқ, "өз сөзімізді жасыл алаңда айтамыз" деп қысқаша қайырды.

fc-aktobe.kz