KZ
KZ RU
07 маусым 2017 20:31

ЕПФЛ УЕФА-мен қарым-қатынастың жаңа фазасына кірді

07 маусым 2017 20:31

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының өкілдері кезектен тыс Европалық Кәсіпқой футбол Лигалар Одағының бас ассамблеясына қатысты. Еске сала кетейік, ҚКФЛ - ЕПФЛ-дың толық мүшесі.  

Қазақстан делегациясының құрамына ҚКФЛ атқарушы директоры Ғазинұр Әлімов және баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Олег Кунгуров кірді.

Бас ассамблеяның нәтижесі кәсіби футболды Еуропада жан-жақты дамытатын ЕПФЛ мен УЕФА арасында жаңа меморандумның жасақталуы болды.

Бұл құжатта УЕФА комитетінің құрамына еуропалық футбол лигасының өкілдерінің кіруі келісімі көрсетілген: болашақта маусым күнтізбесін жасақтауға лига мен УЕФА-ның қарым-қатынасы,  еуропалық турнирлерді дамыту сұрақтарына консультация беру, ұлттық чемпионаттар мен УЕФА жарыстарының қиысуы. Меморандум екі жақтың келісімге қол қоюынан кейін күшіне енеді.

ҚКФЛ еуропалық әріптестердің үздік футбол чемпионаттарынан басқа лигаларды жоғары деңгейде дамыту тілегін ерекше бағалайды.