KZ
KZ RU
19 тамыз 2013 17:31

Михаил Гурманның Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алдындағы "Шахтерге" деген ақ тілегі

19 тамыз 2013 17:31

20 тамызда сағат 21:00-де Қазақстанның бүкіл футболсүйер қауымы жұмылған жұдырықтай болып Қарағандының "Шахтеріне" жанкүйер болады. Елордамыздың "Астана-Арена" стадионында өтетін Шотландияның "Селтигіне" қарсы ойында футболшыларымыз бар өнерлерін көрсетеді деп сенеміз.

Иә, қарсыласымыз "Селтик" өте қарымды — еурододада өздерін мойындата білген команда. Дегенмен, алынбас қамал болмайды. Екі матчтық текетіресте "Селтиктің" әлсіз тұсын тауып, қарсыластың беделіне қарамастан, тек жеңіс үшін ойнау қажет. Алдымызда Чемпиондар лигасының топтық додасы күтіп тұр.

Билет сатылымы да рекордтық дәрежеге жетіп жатқаны қуантады. Қарағандыда да, Астанада да билеттер керемет қарқынмен сатылуда. Ертең "кеншілерге" 30 мың көрермен жанкүйер болады деген үміттеміз!

Текетірес қалай аяқталса да "Шахтерге" алғысымыз шексіз. Олар біздің кеудемізге мақтаныш кернетіп, күллі қазақстандықтарды қуанышқа бөледі. Қазақстан спортының дамуына және еліміздің абыройының асқақтауына "Шахтердің" үлесі зор. УЕФА-ға мүше болғанымсызға 11 жыл болды. Осы уақытқа дейін бірде бір клубымыз еурододаның топтық кезеңінде ойнамаған. Енді міне, "Шахтер" бізді ертегілер әлеміне әкелгендей болды.

"Шахтердің" жетістігі — Қазақстан футболының көптен күткен жеңісі. Көз алдымызда Қазақстан футболының дамып жатқандығының жарқын көрінісі!

Кумыковтың командасына Қазақстан футболының тарихына батырлар ретінде енудің керемет мүмкіндігі туып тұр. Сондықтан, біз "Шахтерден" тек қана жеңіс күтеміз!

Біз сендерге сенеміз, жігіттер! Тек қана сәттідік! Ақ жол!

 

КФЛ төрағасы,

Михаил Гурман