KZ
KZ RU
22 қаңтар 2018 13:09

Олжас Абраев - Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті

22 қаңтар 2018 13:09
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері ұйымның жаңа Президентін сайлады.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының бірінші жетекшісі қызметіне қазақстандық футболда жұмыс тәжірибесі мол маман Олжас Абраевты таңдалды.
 
Олжас Шәкенұлы 2002 жылы Алматы қалалық футбол федерациясында өз қызметін бастады. Әрі қарай 2004 жылыҚазақстан футбол федерациясында менеджер қызметінен бастап, әртүрлі қызметтерде еңбек етті. Сонымен қатар, Қазақстан Чемпионатындағы кәсіби клубтардың жарысын ұйымдастыратын – Ұлттық футбол лигасы департаментін басқарды. Кейін клубтардың бастамасымен құрылған Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына жетекшілік етті.
 
2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылда бастап ФИФА матчтарының комиссары қызметін атқарып келеді.
 
Ақпараттық мәлімет:
 
Аты-жөні: Абраев Олжас Шәкенұлы
Туған күні: 22.12.1984
 
Еңбек өтілі:                              
 
2002-2004 – Алматы қаласы футбол федерациясының жауапты хатшысы
 
2004-2008 – Қазақстан Футбол Одағының футзал департаментінің менеджері
 
2009-2011 – Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық футбол лигасының менеджері
 
2011-2012 – Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық футбол лигасының директоры
 
2011-2017 – УЕФА-ның футзал және жағажай футболы комитетінің мүшесі
 
2012-2014 – Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры
 
2014-2015  – Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы
 
2014-2017 – Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті
 
2015-2016 – Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының президенті
 
2015 - 2016 – УЕФА-ның маркетинг комитетінің мүшесі
 
2017-2018 – «Шахтер» футбол клубы» АҚ директоры
 
 
2012 ж. - қ.к.д. – Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі
 
2013 ж. - қ.к.д- УЕФА матчтарының делегаты
 
2016 ж. - қ.к.д  - ФИФА  матчтарының комиссары
 
2018 ж. - қ.к.д  – Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті 

2018 ж. - қ.к.д  – Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті