KZ
KZ RU
15 қыркүйек 2021 20:58

«Рузаевка» ФК техникалық жеңілісті есептеді

15 қыркүйек 2021 20:58

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің кезекті отырысында Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің XVIII турында «Рузаевка» (Солтүстік Қазақстан облысы) және №8 БЖМОРСМ (Астана қ.) командалары арасындағы ойынына қатысты кездесудің ресми өкілдерінің баянаты талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша келесі шешім шығарылды: тәртіптік Регламенттің 25-бабына сәйкес «Рузаевка» командасының кінәсінен Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің XVII турының «Рузаевка» - №8 БЖМОРСМ ойынының өткізілмегені үшін «Рузаевка» ФК 0:3 есебімен техникалық жеңіліс тіркелді.