KZ
KZ RU
13 мамыр 2024 10:45
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

«Тобыл» маусымдағы бірінші жеңілісіне ұшырады – 8-ші тур қорытындысы

13 мамыр 2024 10:45

11-12 мамыр күндері OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 8-ші турында Шымкентте жанкүйерлер Қазақстан чемпионы «Ордабасы» осы маусымда әлі бірде-бір мәрте жеңілістің ащы дәмін татпай келген «Тобылдан» басым түсті.

 

Қандай жайттар тіркелді?

- 6 ойында 15 гол соғылды;

- 31 сары қағаз көрсетіліп, 2 ойыншы алаңнан қуылды;

- «Қайсар» мен «Елімайдың» бірде-бір ескерту алмады;

- «Жеңіс» - «Қайрат», «Ордабасы» - «Тобыл» кездесулерінде 8 сары қағаз көрсетіліп, 1 футболшыдан қуылды;

- Бірінші рет осы маусымда 3:2 деген есеп тіркелді;

- «Тобыл» алғашқы жеңілісіне ұшырады;

- 3 бірдей клуб 14 ұпаймен көш басында келеді.


«Тұран» - «Жетісу» - 2:3

Голдар: Данияр Үсенов, 14 минут (0:1), Вака Гутьерез, 24 минут (1:1), Әділхан Добай, 47 минут (1:2), Максим Чиканчи, 74 минут (1:3), Аслудин Хаджиев, 90+4 минут (2:3)

Өткен турда небәрі 8 ғана голға куә болып едік. Осы жолы да сол үрдіс қайталана ма деп ойладық. Себебі, «Тұран» мен «Жетісу» матчында бұған дейін көп гол соғылмайтын. Ойын да бір сыдырғы күйде басталды. 14-ші минутта ғана «Жетісудің» жалпы кездесудегі бірінші шабуылы голға ұласты. Осы гол матчтын көркін аштық десе болады. Небәрі 10 минут қана өткенде Вака Гутьерез бірге-бір шығып, қақпашыға мүмкіндік қалдырмады. Екінші таймда «Жетісу» басымдылыққа ие болып, жылдам қайта гол соқты. Әсіресе алыстан берілген пастар «Тұранның» қақпасына едәуір қауіп туындатты. Нәтижесінде сондай пас сәтінде «Тұран» футболшысы қателесіп, Максим Чиканчиге қақпашымен жеке дара қалуға мүмкіндік беріп қойды. Қалған уақытта да ойыншылар алма-кезек қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алаң иелері сапынан Вака Гутьерезтің добы қақпа маңдайшысынан қайтса, ең соңғы секудта қосалқы құрамнан шыққан Аслудин Ходжиев керемет асырылған допты баспен қақпаға тоғытты. Есеп: 2:3

 

«Елімай» - «Шахтер» - 2:1

Голдар: Роман Мұртазаев, 38 минут (1:0), Абылайхан Нәзімханов, 88 минут (1:1), Никита Корзун, 90+8 минут (2:1)

Алғашқы таймда-ақ алаң иелері қарсыласты барламай, шабуылға лап қойды. Нәтижесінде 10 бірдей соққы бағыттады. Жылдам гол соғуға тырысқан «Елімайдың» әрекеті өз жемісін берді. Бірақ бірінші гол ереже бұзуылуына байланысты саналмаса, екінші голда футболшы ойыннан тыс қалып қойды. Сондай да, семейліктердің беті қайтпай, 38-ші минутта қақпашының қайтарған добына Роман Мұрзатаев бірінші жетіп, есеп ашты. Екінші таймда қонақтар сапынан Хуан Асприлья алаңға шығып, «Шахтер» де қарсыласқа бірнеше қауіпті соққы жасады. Алдымен Мирослав Лобанцев кіріп бара жатқан допты құтқарып қалды. Бірақ бұл әрекеті оның жарақат алуына әсер етіп, 55-ші минутта алаңнан кетуге мәжбүр. «Елімай» 81% допқа иелік еткенімен, қонақтардың сирек шабуылы өз нәтижесін берді. 88-ші минутта айып алаңы сыртынан Абылайхан Нәзімханов керемет соққысымен есепті теңестірді. Бұл «Шахтердің» OLIMPBET QFL Премьер-лигадағы екінші голы. Дәл осы голдан кейін Андрей Карпович ұлттық құрамада доп тепкен Дмитрий Шомконы алаңға шығарды. Бас бапкер қателеспепті. Дәл осы футболшының соңғы минуттарда асырған бұрыштамасы нәтижелі болып, «Елімай» жеңісті жұлып алды.

 

«Қызылжар» - «Ақтөбе» - 0:2

Голдар: Бауыржан Байтана, 61 минут (0:1), Хосе Севальос, 67 минут (0:2)

Матч толыққанды «Ақтөбенің» басымдылығымен өтті деуге болады. Қандай матч болса да, жеңіске ойнайтын қонақтар алғашқы таймда бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, соққылары әлсіз және қақпадан мүлт кетті. Екінші таймда осындай шабуылдардың бірінде Бауыржан Байтана есеп ашса, артынша атақты «Ювентус» клубы академиясының түлегі Хосе Севальос есепті еселеді. «Қызылжар» да таза гол соғатындай мүмкіндік болмады. Салдарынан Әли Әлиевтің шәкірттері 4 ойында есе жіберіп, барлығында гол соқпады.

 

«Жеңіс» - «Қайрат» - 0:2

Голдар: Әділет Садыбеков, 66 минут (0:1), Вячеслав Швырев, 90+4 минут (0:2)

Алаңнан қуылған: Арсен Буранчиев, 58 минут («Қайрат»)

OLIMPBET QFL Қазақстан кубогында ойыншы басымдығын пайдаланбаған «Қайрат» клубы осы жолы бір ойыншы кем аяқтады. 56-шы минутта Арсен Буранчиев алаңнан қуылғанымен, алматылықтардың шабуылы жанданып, 2 жауапсыз гол соқты. Осылайша «Қайрат» клубы да өздерінің мінездері бар екендерін жанкүйерлерге дәлелдей білді. Олар OLIMPBET QFL Премьер-лигадағы екі рет қатарынан жеңіске жеткеннің арқасында 3-орынға көтерілді.

 

«Астана» - «Қайсар» - 1:1

Голдар: Марин Томасов, 57 минут (1:0), Валерий Громыко, 90+3 минут (1:1)

Алматыдағы қатты жауын бұл кездесуге өз кедергісін келтірді. «Астана» бірінші таймда толассыз шабуылдағанымен, дәлдік жетіспеді. Ал екінші таймда алаң иелері сапынан Марин Томасов жойқын соққысымен елордалықтарды алға шығарды. Бірақ соңғы минуттарда Валерий Громыконың алыстан бағыттаған добын қақпашы ұстай алмады. Қызылордалықтар қатарынан 3-ші матчты жеңіліссіз аяқтай алды.

 

«Ордабасы» - «Тобыл» - 1:0

Гол: Артем Беседин, 21 минут (1:0)

Соғылмаған пенальти: Максим Федин, 90+4 минут («Ордабасы»)

Алаңнан қуылған: Иван Миладинович, 90+4 минут («Тобыл»)

Бірінші таймда орындалған стандартта доп байқаусызда қорғаушы Иван Миладиновичтың басына тиіп, Артем Бесединге нәтижелі пас шығарып берді. Бұл жерде қателікке жол берген қақпашының да қатесі бар. Бірақ «Тобыл» бірінші таймда есепті теңестіретін керемет сәті болды. Қонақтардың сұрмергені Годберг Купердің бағыттаған добы қақпашыдан өткенімен, Златан Шехович қақпа сызығынан командасын құтқарып қалды. Екінші таймда қостанайлықтар шабуылды күшейткенімен, доп сәл ғана қақпадан қиыс кетіп жатты. Ал кездесудің нүктесін Максим Федин қоюы тиіс еді. Алайда оның тепкен добы қақпадан қисық кетті. Есеп: 1:0. Шымкент ұжымы 1 айдан кейін ғана жеңіске жетіп отыр. OLIMPBET QFL Премьер-лиганың қызығы сол, бірінші рет есе жіберген «Тобыл» клубы 1-орыннан 6-орынға бірақ сырғыды.

 

OLIMPBET QFL Премьер-лиганың 9-шы тур ойындары 18-19 мамыр күндері өтеді.