RU
KZ RU
22 сентября 2017 12:31

Қайрат Боранбаевты құттықтаймыз!

22 сентября 2017 12:31

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ұжымы "Қайрат" футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаевты туған күнімен құттықтайды!

Туған күн иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, спорттық жеңістер, сөнбес қуат және барлық бастамаларда сәттілік тілейміз!

Қайрат Советаевич футболды жақсы көретін және осы салада заманауи әдістері мен үрдістерді қолданатын адамдардың бірі.

Бүгіндікке "Қайрат" футбол клубы - инфрақұрылымды дамытудың үздігі. Клуб академиясы әр түрлі жастағы турнирлерде тамаша жетістіктерге қол жеткізуде, ал Бірінші және Екінші лигаларда өнер көрсететін кәсіби командалар маусым бойына үздіктердің қатарыннан қалмауда.