Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншыларының чемпионаттағы көрсеткіштері мен статистикасы
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы Instat Football компаниясымен бірлесе отырып сіздің назарларыңызға сараптамалық мақала ұсынады.
Мақалада қолданылған барлық ақпараттар 2017 жылдың 28 мамырына дейін актуалды болып саналады. Қазіргі кезде кейбір ойыншылардың көрсеткіштері өзгеріске ұшырады.
Қазақстан чемпионатында кезекті үзіліс басталды, сол себептен жанкүйерлердің назары Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарына ауып отыр. Біздің ұлттық құраманы 2018 жылы болатын Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің аясында өтетін Дания құрамасына қарсы ойын күтуде.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде өз тобында 2 ұпаймен 6-шы орында орналасқан. Дания құрамасы 7 ұпайға ие болып, топтың үшінші орнында тұрақтады, дат командасының екінші орынға таластағы негізгі бәсекелесі - Черногория құрамасы.
Осыған қарамастан, Қазақстан құрамасының ойыншылары Даниямен кездесуде бар күшін салып, оң нәтижеге қол жеткізетініне еш күмәніміз жоқ, себебі қазақ футболшылары өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетеді. Әрине, бұл ойынның алдында барлық фанаттарды келесі сұрақтар алаңдатады: ұлттық құрамаға кандидаттар іріктеу ойындарына қандай физикалық күйде келуде? Ойыншылар оңтайлы физикалық күйге келді ме, әлде, керісінше, шаршағандық жиналды ма? Осы сұрақтарға жауаптарды Instat Football компаниясының көрсеткіштерін қолданып табуға тырысамыз.
Біздер Дания құрамасына қарсы алаңға шығатын 11 футболшының тізімін табуға тырыспаймыз, оның орнына Қазақстан құрамасының бапкерлері шақырған ойыншылардың статистикалық көрсеткіштеріне көз қырын саламыз. Ұсынған ақпарат жанкүйерлерге өз бетімен үздіктерді анықтап, бапкерлердің таңдауымен салыстыруға мүмкіндік туғызатынына үміттеміз.
Төмендегі кестеде ойыншылардың чемпионаттың көктемгі бөлігіндегі негізгі көрсеткіштері салыстырмалы түрде берілген. Мұнда қақпаға бағытталған дәл соққылардың, пас және де басқа да статистиканың ойындағы орташа көрсеткіштері ұсынылған.
Сараптаушылар атап өткен бірнеше қызықты деректер:
1. Плотников ең аз гол жіберген қақпашы және оның шабуылды бастауға бағытталған пастары басқа қақпашылардың көрсеткіштеріне қарағанда дәлірек;
2. Шомконың қоржынында 5 ассист бар. Дмитрийдің көрсеткіші шабуылшылар мен жартылай қорғаушылардың статистикасынан да жоғары;
3. Ахметов - допқа таласты ең көп жеңетін ойыншы, сонымен қатар ол өз алаңында допқа ие болу және допты тартып алу көрсеткіші бойынша чемпионат үздігі;
4. Жуковтың ойын кезінде допты жоғалту көрсеткіші 5-тен аспайды. Артқы шептегі жартылай қорғаушылар үшін бұл өте жақсы статистика;
5. Байжанов бір ойын кезінде допқа 20 рет таласады, бірақ бұл таластың 5-тен 1-інде ғана жеңіске жетеді;
6. Нөсербаев қақпаға соққы жасауда фантастикалық нәтиже көрсетуде. Оның барлық соққылары қақпаға дариды. Соңғы 5 ойында Танат қақпаға 3 рет соққы жасап, 3 гол салды;
7. Тұрысбек алаңда бар болғаны 176 минут өнер көрсетті, бірақ 3 гол салып үлгерді. Бұл көрсеткіш бізді таңқалдырмайды, себебі Бауыржан - барлық шабуылшылардың ішінде қақпаға жиі соққы бағыттайтын ойыншы.
Қорытындылай келе, Қазақстан ұлттық құрамасына алдағы кездесуде сәттілік тілейміз. Instat Football ұсынған көрсеткіштерге жүгіне отырып, құрамада оң нәтижеге жетуге барлық мүмкіндіктер бар деуге болады.