RU
KZ RU
22 сентября 2017 21:21

ҚКФЛ алаңдарды тексеру комиссиясы стадиондарды қайтадан бақылаудан өткізді

22 сентября 2017 21:21
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) алаңдарды тексеру комиссиясы мен ҚКФЛ Президенті Азамат Айтқожин "Шахтер", "Ақжайық" және "Екібастұз" футбол клубтарының негізгі стадиондарын тексерді.
 
Азамат Айтқожин Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен жұмыс барысымен кездесті. Аймақ басшысы Қарағанды қаласындағы "Шахтер" стадионының қосалқы алаңын төсенішін алдағы уақытта алмастыру жоспарланып отырғаны туралы айтып өтті. Қазіргі уақытта осы жоспарларға байланысты  жобалық-сметалық құжаттарды жинақтау мақсатында есептер жүргізілуде. Ал негізгі стадионда төсеніш сапасын жақсарту іс-шаралары жүргізіледі.  
 
Сондай-ақ алдағы уақытта аймақта футбол манежін салу туралы тақырып қозғалды. Ерлан Жақанұлы бұл ойды қолдады.  
 
Батыс Қазақстан облысында ҚКФЛ Президенті БҚО Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асия Аманбаевамен кездесті. Екі жақты диалог барысында "Ақжайық" стадионының мәселесіне көңіл бөліп, жасанды төсенішті жаңартуға қатысты келісімге келді.
 
 
ҚКФЛ ресми ойындарды өткізуге тыйым салынған барлық стадион алаңдарының күйінің динамикасын әрдайым бақылауда. Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды және Орал қалаларындағы стадиондарда ойындар өткізуге тыйым салынған, кейін бұл шешім алынып тасталды. Бірақ бұл ареналардағы төсеніш сапасы ҚКФЛ әкімшілігінің бақылауында.
 
Қарағандыда алаң бақылауынан кейін "Шахтер" стадионының әкімшілігіне ескерту жасалды. Стадион басшылары кемшіліктерді маусым аяқталғанша жоюы тиіс.   
 
 
Орал қаласындағы П.Атоян атындағы стадионның төсеніші қанағаттандырарлық жағдайда, бірақ мұқият қарауды талап етеді. Ал қосалқы "Ақжайық" стадионында жағдайдың өзгеріссіз қалуы ҚКФЛ мамандарын алаңдатады. Бұл стадионда ҚКФЛ ойындарын өткізуге тыйым салынғаннан кейін жақсарту шаралары жүргізілмеген.  
 
 
Екібастұз стадион алаңының жағдайы Комиссияның көңілінен шықпағандықтан, "Шахтер" стадионында ресми ойындарды өткізуге тыйым салынды. Кейін стадион әкімшілігі Комиссия берген ұсыныстарға сүйене отырып, футбол төсенішін жақсартатын әрекеттер жүргізді. Айта кетейік, кейбір ескертулер әлі де қалуда.
 
Экспертиза екінші рет жасалғаннан кейін, алаң сапасы жақсарғаны байқалды, сол себептен Комиссия мүшелері бұл стадионда ҚКФЛ ойындарын өткізу рұқсат етті.  
 
Бұл шешім "Екібастұз" футбол клубына өз алаңдарындағы ойындарды "Шахтер" стадионында өткізуге мүмкіндік берді.