RU
KZ RU
16 мая 2017 13:57

Сәуір айының үздіктері Стойлов пен Дарабаев марапатталды

16 мая 2017 13:57

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының Президенті Азамат Айтқожин Премьер-лиганың 12 тур ойынының алдында сәуір айының "үздік бас бапкері" және "үздік ойыншысы" атанған жеңімпаздарды естелік сыйлықтармен ресми марапаттады.

Айта кетсек, сәуір айының үздік бас бапкері болып "Астана" футбол клубының жаттықтырушысы Станимир Стойлов атанды. 12 турдан кейін елордалық команда 4 ұпай артықшылығымен жарыс кестесінде көш бастап келе жатыр.

Өткен айдың үздік ойыншысы атағына ие болған жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев - қазіргі таңда "Ертіс" командасының жетекшісі және сұр мергендердің бірі. 28 жастағы ойыншының өнері Қазақстан футбол мамандары тарапынан жоғары бағаға ие болды.