RU
KZ RU
26 сентября 2017 18:39

Көңіл айту

26 сентября 2017 18:39
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Виктор Абгольцтың өмірден озуына байланысты көңіл айтады.

Виктор Алексеевич қарағандылық "Шахтер" мен алматылық "Қайраттың" сапында өнер көрсетіп, 100-ден аса гол соққан "Қазақстан сұрмергендер клубының" мүшесі болды.

Сонымен қатар Абгольц Қазақстан футбол Федерациясының төрешілер комитетінде жұмыс жасады. Соңғы кездері ол Қазақстан Чемпионаты мен Кубогының ойындарында инспектор болып қызмет етті. Барлығымызға Виктор Алексеевич жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын кәсіби маман болып есте қалады.
 
ҚКФЛ ұжымы Виктор Абгольцтың тума-туыстарына көңіл айтады.