KZ
KZ RU
05 сәуір 2024 14:10
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

OLIMPBET QFL Премьер-лигасы: Дербимен өтетін 4-ші тур

05 сәуір 2024 14:10

Футболдан 6-7 сәуір күндері OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 4 тур ойындары өтеді. Күнтізбеге сәйкес, осы турда «Тобыл» клубы демалады.

 

6 сәуір

 

«Қызылжар» - «Жеңіс»

Уақыты: 14:00

Тікелей көрсетілім: QFL.KZ, Q Football мен Q Arena телеарналары

Төрешілер: Сәкен Байымбет (Тараз), Алексей Шабанов (Алматы), Иван Гриценко (Қостанай)

VAR төрешісі: Саят Суликанов (Ақтөбе)

AVAR төрешісі: Сергей Васютин (Алматы)

Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл)

Инспектор: Нұржан Доскеев (Алматы)

Маусымды өте сәтті бастайтын «Қызылжар» өз алаңында қалай да жеңуге тырысады. Бұл қос команданың алғашқы ойыны. Себебі, 2009 жылы ғана «Қызылжар» атауы өзгерген болатын. Оған дейін «Есіл-Богатырь» ретінде Премьер-лигада өнер көрсеткен еді.

Естеріңізде болса, 2022 жылы Әли Әлиев «Жеңіс» клубын баптап, 4 ойын (2 жеңіс, 1 тең, 1 жеңіліс) өткізген болатын. Дәл сол клубтан ол «Қызылжарды» баптауға ұсыныс алып, 3 жыл бойы тізгіндеп келеді. Міне, енді қос ұжым Премьер-лигада өзара мықтыны анықтамақ.

 

«Елімай» - «Қайсар»

Уақыты: 16:30

Тікелей көрсетілім: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы

Төрешілер: Саят Қарабаев, Нұржан Жүнісов, Иван Навроцкий (Астана)

VAR төрешісі: Айдын Тасыбаев (Астана)

AVAR төрешісі: Антон Сысоев (Көкшетау)

Қосалқы төреші: Григорий Московченко (Павлодар)

Инспектор: Юрий Гриджан (Алматы)

«Елімай» клубының бұрынғы командаға қатысы жоқ. Алайда бұған дейін олар осы атауда 2003 жылы кездесіп, Қызылорда төріндегі ойын 0:0 есебімен аяқталған еді. Осы жолы ойында алғашқы жеңіске қол жеткізіп, сенімділігін арттырған «Елімай» фаворит саналады. Дегенмен, «Қайсарды» баптайтын Виктор Кумыков кезекті рет жеңіліс сериясын жалғастырса, қызметтен кетуі мүмкін.

 

«Қайрат» - «Жетісу»

Уақыты: 19:00

Тікелей көрсетілім: QFL.KZ, Qazsport телеарнасы

Төрешілер: Болат Сариев (Орал), Сергей Калачев, Денис Лабашов (Атырау)

VAR төрешісі: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау)

AVAR төрешісі: Юрий Тихонюк (Ақтөбе)

Қосалқы төреші: Рустам Омаров (Алматы)

Инспектор: Александр Перемитин (Астана)

Өзара кездесу статистикасы: «Қайрат» – 34 жеңіс, «Жетісу» - 13 жеңіс, тең - 9

Ел чемпионын ұтқан «Қайрат» осы ойында жеңсе, турнир кестесінде 1-орынға көтеріледі. Алайда өткен маусымда «Қайраттың» басты кемшілігі – мықты командаларға ерекше дайындалып, басқа матчтарда ұпай жоғалтатыны айтылған еді. Оның үстіне 2023 жылы «Қайрат» бесінші турда өз алаңында «Жетісуден» 2:3 есебімен жеңілген болатын. «Қайрат» - мықты. Бірақ та «Жетісуді» де есептен шығаруға болмайды.

 

7 сәуір

 

«Ақтөбе» - «Атырау»

Уақыты: 14:00

Тікелей көрсетілім: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы

Төрешілер: Денис Измайлов (Талдықорған), Евгений Филипчук (Шымкент), Ардақ Дауанов (Алматы)

VAR төрешісі: Тимур Құмашев (Астана)

AVAR төрешісі: Самат Тергеусізов (Алматы)

Қосалқы төреші: Никита Мортин (Ақтөбе)

Инспектор: Қайрат Сламбеков (Алматы)

Өзара кездесу статистикасы: «Ақтөбе» – 37 жеңіс, «Атырау» - 11 жеңіс, тең – 15

Осы турдың орталық ойыны – Батыс дербиі. 2 турда 6 гол соғып, сенімді жеңіске жеткен «Ақтөбе» кезекті ойынында «Атырауды» қабылдайды. Әзірше, «Атырау» сырт алаңда гол жібермеді. Осы жолы олардың қорғанысы креативті шабуылдарға төтеп бере ала ма екен? Қос команданың статистикасына үңілсек, 2015 жылдан бері Премьер-лига аясында «Атырау» сырт алаңда ұпай ала алмай келеді.

 

«Шахтер» - «Астана»

Уақыты: 16:30

Тікелей көрсетілім: QFL.KZ, Sport+ Qazaqstan телеарнасы

Төрешілер: Бағдат Абдуллаев (Қаратау), Дмитрий Будниченко (Екібастұз), Денис Виноградов (Петропавл)

VAR төрешісі: Данияр Сахи (Қызылорда)

AVAR төрешісі: Рустам Бейжанов (Петропавл)

Қосалқы төреші: Михаил Бильдинов (Қарағанды)

Инспектор: Геннадий Жуковский (Ақтөбе)

Өзара кездесу статистикасы: «Шахтер» – 16 жеңіс, «Астана» - 28 жеңіс, тең – 5

Премьер-лигада ең көп гол жіберген «Шахтер» мен ең көп гол соғу мүмкіндігіне ие болған «Астана» кездеседі. Бапкерін орнынан босатқан «Шахтерді» осы жолы Қарағанды клубының аңыз ойыншысы Андрей Финоненко алып шығады. Бірақ ойыны әлі тұрақтала қоймаған «Шахтер» ұпай алуға шамасы жете ме екен?

 

«Тұран» - «Ордабасы»

Уақыты: 19:00

Тікелей көрсетілім: QFL.KZ, Q Football мен Q Arena телеарналары

Төрешілер: Арман Исмуратов (Астана), Дмитрий Быстров, Иван Филатов (Сарань)

VAR төрешісі: Денис Тевяшов (Орал)

AVAR төрешісі: Максим Панин (Қостанай)

Қосалқы төреші: Самат Жарылқасынов (Шымкент)

Инспектор: Руслан Дузмамбетов (Өскемен)

Өзара кездесу статистикасы: «Тұран» – 2 жеңіс, «Ордабасы» - 0 жеңіс, тең – 2

Түркістандағы стадион жөндеу жұмыстарына байланысты ойын «Ордабасының» алаңында өтеді. Қос ұжым 4 мәрте ғана кездессе де, тарихи маңызға ие. Себебі, 2021 жылы Премьер-лигада дебют жасаған «Тұран» командасы 9-шы турда ғана «Ордабасыны» жеңіп, бірінші жеңісін тіркеген болатын. Ал ел чемпиондары әлі де «Тұранды» жеңе алмай келеді. Дегенмен, өз алаңындағы ащы жеңілістен кейін «Ордабасы» қайта жанкүйерлердің сенімін қайтаруға барын салады.

 

OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 4-ші тур ойындарын жіберіп алманыздар!