KZ
KZ RU
08 мамыр 2024 18:00
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

6-шы тур: шынайы көшбасшы анықтала ма?

08 мамыр 2024 18:00

9-10 мамыр күндері 1XBET QFL Бірінші лигасы аясындағы 6-шы турда топ басындағы «Каспий» мен «Жетісай» күш сынаспақ.

 

9 мамыр

 

«Ақтөбе Ж» - «Қайрат-Жастар»

Уақыты: 15:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «ОМБЖОРСМ» стадионы (Ақтөбе)

Төрешілер: Аманкелді Бекарыс (Орал), Волков Артем, Быков Антон (екеуі де Атырау)

Қосалқы төреші: Оңғарбаев Рустам (Ақтөбе)

Инспектор: Исаев Кеңесбек (Қызылорда)

Алғашқы жеңісін тойлаған «Ақтөбе Ж» футболшылары өз алаңында жақсы көңіл күймен ойнайды. Бірақ алматылықтар жеңілгенімен, өздерінен бір бас жоғары қарсыластан қорықпайтындығын дәлелдей білді. Статистика бойынша, «Қайрат» 90 соққымен көш бастап тұр. Алаң иелері қорғанысқа мән бермесе, қиын болмақ.

 

«Оқжетпес» - «Алтай»

Уақыты: 15:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Оқжетпес» стадионы (Көкшетау)

Төрешілер: Дышкант Николай (Талдықорған), Бейжанов Рустам (Петропавл), Вахитов Ернар (Қостанай)

Қосалқы төреші: Горда Данил (Көкшетау)

Инспектор: Вишниченко Анатолий (Қостанай)

Өз үйінде өте сәтті доп тебетін «Оқжетпес» жалынды қолдаудың арқасында 3 ұпай алуға тиіс. Алайда көш соңындағы «Алтайды» да бағаламауға болмайды. Олар «Таразға» алғаш гол соғып, біршама қиындық тудыртқан болатын.

 

«Түркістан» - «Екібастұз»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Молтусинов Антон (Өскемен), Арынханов Нұрдәулет (Алматы), Жалғас Кенжебек (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Үсенбаев Нұрхат (Түркістан обл.)

Инспектор: Көпжасар Бейбіт (Қызылорда)

Осы маусымда алғашқы әрі ірі жеңілісіне ұшыраған «Түркістан» клубы өз алаңында OLIMPBET QFL Премьер-лигаға шығуды көздейтін «Екібастұзмен» күш сынасады. Павлодар облысының командасы да Жезқазғанда бірінші рет есе жіберген еді. Қос ұжым сәтсіздіктен арылу үшін, көрермендердің сенімін ақтауға тырысады. Статистикаға көз жүгіртсек, «Екібастұз» нәтижелі шабуылдап, мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланады.

 

«Қайсар Жас» - «Арыс»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Ғани Мұратбаев атындағы стадион (Қызылорда)

Төрешілер: Попов Сергей, Хамзин Дархан (екеуі де Астана), Құсайынов Исламхан (Атырау)

Қосалқы төреші: Жұмашев Нұржан (Қызылорда)

Инспектор: Попов Андрей (Павлодар)

«Қайсар Жас» үш матч қатарынан 0:0 есебімен аяқтап келеді. Алайда осы жолғы қарсыласы айтарлықтай азулы клубтардың қатарына кірмейді. Бір қызығы, Екінші лигадан көтерілгенімен, қызылордалықтар қарсылас қақпасына 65 соққы бағыттап, ТОП-3 ұжымның қатарында тұр.

 

10 мамыр

 

SD Family – «Ақжайық»

Уақыты: 15:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Стадион: Sydykbek Arena (Астана)

Төрешілер: Ткачев Кирилл (Алматы), Дышкант Дмитрий (Талдықорған), Нұрлан Әділет (Қаратау)

Қосалқы төреші: Гариев Эмиль (Астана)

Инспектор: Богданов Олег (Семей)

Астаналықтар екі апталық үзілістен кейін алаңға шықпақ. Ал «Ақжайық» кез келген командаға оңай тимегенімен, үш кездесуде 3 ұпай ғана жинаған. SD Family фаворит болғанымен, қонақтарды есептен шығаруға болмайды.

 

«Жетісай» - «Каспий»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Стадион: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Суликанов Саят (Ақтөбе), Оразбеков Айдос (Алматы), Арыстанбай Шыңғысхан (Шымкент) 

Қосалқы төреші: Әліқұлов Ержан (Түркістан обл.)

Инспектор: Хуснутдинов Рашит (Орал)

Осы турдың орталық ойыны. «Каспийдің» көш басында болуы заңдылық болса, «Жетісайды» ТОП-3-те болады деп, ешкім күтпеген еді. Жетісай қаласының шынайы жанкүйерлері кезекті сенсация жасауға көмектесе ала ма екен? «Каспий» осы уақытқа дейін 30 дәл соққы жасаса, «Жетісай» 18 дәл соққымен 9 гол салып үлгерген.

 

«Хан-Тәңірі» - «Тараз»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Хан Тәңірі» стадионы (Алматы)

Төрешілер: Никлевич Владимир (Петропавл), Стасенко Виктор (Талдықорған), Мақатов Талғат (Петропавл)

Қосалқы төреші: Сержанұлы Біржан (Алматы)

Инспектор: Сереков Асқар (Қызылорда)

Клубтардың арасын 1 ғана ұпай бөліп тұр. Бірақ «Тараз» 9 ұпай жинау үшін, 8 гол соғуға тура келсе, «Хан Тәңірі» 4 матчта гол жібермей, 2 ғана голмен 2 жеңісті тіркеген. Алыстан мергендігімен танылып жүрген жамбылдықтар тәжірибелі Пасеченко қорғайтын қақпаның кілтін таба ала ма екен?

 

«Қыран» - «Ұлытау»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «БИІК» спорт кешені (Шымкент)

Төрешілер: Ахметов Алмаз (Алматы), Мыңбаев Әлішер (Қаратау), Осипов Михаил (Тараз) 

Қосалқы төреші: Халилов Мурадбек (Шымкент)

Инспектор: Ходин Анатолий (Атырау)

1XBET QFL Бірінші лигада тұрақсыз келе жатқан «Қыранды» былтырғы қарқынымен салыстыруға келмейді. Өз алаңында қарсыласты қабылдағанымен, «Ұлытаудың» ұпай алуға мүмкіндігі жоғары. Өткен турдағы Жасұлан Молдақараевтың қос голы жезқазғандықтарға қайта сенім сыйлауы әбден мүмкін.